Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де Конституция жобасы талқыланды

Esil University-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары қатысты.

Esil University-де Конституция жобасы талқыландыEsil University-де Конституция жобасы талқыланды

Esil University «Құқық» кафедрасының заң ғылымдарының докторы, профессоры Алпысбай Жүсіпов өз сөзінде жаңа Конституция Қазақстанның институционалдық негіздерін нығайтып, адам құқықтарын қорғауды күшейтуі тиіс екенін атап өтті.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов жоғары білім саласында енді цензура болмайтынын атап өтті.

Спикерлердің бірі — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, ассоциацияланған профессор Нұртай Иманғалиев — спикерлердің позициясын қолдай отырып, жаңа Конституцияның елдің бірлігін нығайтуға жәрдемдесетінін және оның болашақ дамуына берік іргетас қалайтынын атап өтті.

Сәулен Нұржан, начальник Центра научных исследований Института парламентаризма при Управлении делами Президента Республики Казахстан, доктор PhD, рассказала о важности новой Конституции. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасты, спикерлерге сұрақтар қойды және жобаның жекелеген ережелерін талқылады.

Жаңалықтарға