Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Студенттер цифрландыру бойынша дәріске қатысты

«Менеджмент» кафедрасының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенттері «Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы МУ жобаларын іске асыру барысы туралы» тақырыбындағы лекцияға қатысты. Іс-шараны Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкіматы ұйымдастырды.

Дәріс болашақ мамандарды қала басқармасы деңгейіндегі мемлекеттік қызметтердің цифрлық трансформациясының нақты кейстерімен таныстыруға бағытталды.

Студенттер цифрландыру бойынша дәріске қатыстыСтуденттер цифрландыру бойынша дәріске қатысты

Студенттер қызықтырған сұрақтарын қоюға, мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрландыру болашағын талқылауға және мемлекеттік билік органдарында жұмыс істеудің практикалық аспектілері туралы түсінік алуға мүмкіндік алды.

Жаңалықтарға