Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University профессоры Алма Ғалиева ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды

Esil University-де «Экономика және маркетинг» кафедрасының экономика ғылымдарының докторы, профессоры Алма Хайырбулдиновна Ғалиеваның 75 жылдық мерейтойына орай «Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы: стратегия, қиындықтар және болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

К 75-летнему юбилею профессор Алма Хаирбулдиновна Галиева была удостоена ряда высоких наград и званий. Она является обладателем звания «Лучший преподаватель вуза» (2007, 2017), нагрудных знаков Республики Казахстан «Почетный работник образования» (2015) и «Еңбек ардагері» (2024).

Esil University профессоры Алма Ғалиева ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болдыEsil University профессоры Алма Ғалиева ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды

Алма Хайырбұлдинқызы «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы төсбелгісімен және ҚР Парламенті Мәжілісінің алғыс хатымен марапатталды.

Мерейтойлы тұлғаны ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б. Бейсенғалиев, ҚР ҒЖБМ ҚН Экономика институтының бас директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Е.Т. Садықов, ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Сарсенбаева, «Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор Г. Джапарова, «Alikhan Bokeikhan University» президенті Ш. Құрманбаева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі А.Б. Бейсенбай, сондай-ақ Esil University ректоры, профессор А. Таубаев мерейтой иесін құттықтап, атаулы хаттар табыс етті.

Дөңгелек үстелге Қазақстанның жетекші университеттері мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары, оқытушылар, докторанттар және магистранттар қатысты. Баяндамашылар арасында – э.ғ.д. Әбілда Әлімбаев (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті), э.ғ.д. Жамила Бопиева (ЕҚДБ «Қазақстанның аймақтық дамуы» жобасы), э.ғ.к. Ақсана Панзабекова (ҚР ҒЖБМ ҚН Экономика институты), э.ғ.д. Айгүл Тоқсанова (МИТУ, Алматы), э.ғ.д. Гүлнара Сапарова («Тұран-Астана» университеті), э.ғ.д. Шахарбану Жақыпова (Экономикалық зерттеулер институты), э.ғ.д. Амина Мусина (Esil University), э.ғ.д. Күлшария Шаяхметова (Esil University), э.ғ.к. Айнұр Әбілдина (Жезқазған университеті).

Ғалымдар өз баяндамаларында кең ауқымды мәселелерді қозғады: инновациялық дамудың жаһандық трендтері мен аграрлық сектор мәселелерінен бастап жасыл экономикадағы шағын бизнестің рөліне және жұмыспен қамтудағы гендерлік теңдік мәселелеріне дейін. Дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстанның тұрақты дамуының жаңа стратегияларын іздестірудің маңыздылығын, сондай-ақ болашақ экономикасына мамандар даярлаудағы ғылым мен білімнің рөлін атап өтті.

Жаңалықтарға