2023 ж. 11 желтоқсанЖаңалықтар
«Экономика және маркетинг» кафедрасы кәсіпкер Альберт Нимен дәріс ұйымдастырды
«Экономика және маркетинг» кафедрасында «Стартап әзірлеу» курсы шеңберінде Назарбаев Университетінің түлегі, тәжірибелі кәсіпкер, «Schoolbus Astana» жобасының CEO және негізін қалаушы Альберт Нимен кездесуге орайластырылған қонақ дәріс өтті.
Дәріс барысында Альберт Ни бизнес жүргізудің бірегей тәжірибесімен бөлісіп, стартапты құру мен дамытудың негізгі аспектілері туралы айтып, сондай-ақ өз бизнесін сәтті бастаудың мүмкіндіктерін анықтады.
Дәрістің ерекшелігі оның интерактивті форматы болды — спикер қатысушыларға іскерлік ойынға қатысуды ұсынды, онда әркім алған білімін тәжірибеде қолдана алды.
Іс-шараның соңында Альберт Ни екі кітапты щедрліктпен ұтыс ойынына қойды, студенттерге кәсіпкерлік пен инновация әлеміне қосымша үңілу мүмкіндігін сыйлады.
Бұл дәріс студенттер үшін құнды ақпарат пен шабыт көзіне айналып қана қоймай, болашақ стартап-жобалар үшін шабыт бере алатын тәжірибесі мен бірегей идеялары бар табысты кәсіпкермен танысу мүмкіндігін де берді.