Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-ге American Corner өкілдері келді

Астана қаласының American Corner менеджерлері — Арайлым мен Ертай — Esil University-ге барды.

Визит аясында қонақтар «Заңтану» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында American Corner негізгі қызметіне, сондай-ақ іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобаларға арналған презентация өткізілді.

Esil University-ге American Corner өкілдері келді

Студенттерді American Corner кеңсесіне бару үшін шақырды, онда олар кітапхананы пайдаланып, ағылшын тіліндегі фильмдер көріп, компьютерде жұмыс істей алады. Бұдан басқа, кездесу қатысушыларына ғылыми және инновациялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін беретін кеңістік — MakerSpace туралы айтылды.

Кездесуді аға оқытушы Сапаров А.М. және ӘГП кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.

Жаңалықтарға