Esil University-де студенттердің Астана қаласы Байқоңыр ауданының қорғаныс істері басқармасының қызметтік іс және әскер қызметін ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушы-сержанты-бастығымен, 3-сынып сержанты Нұрболат Қабдырахманмен кездесуі өтті.
Студенттерге әскери қызметшілердің қызметтік қызметі мен кәсіби міндеттері, әскери дайындықтан өтудің маңыздылығы туралы айтылды. Кездесу барысында студенттер сұрақ қоюға, өз қызығушылықтарын білдіруге және қарулы күштердегі қызметтің маңыздылығы туралы білуге бірегей мүмкіндік алды.


