«Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде Криничанский К.В. — экономика ғылымдарының докторы, қаржы нарықтары және қаржылық инжиниринг кафедрасының профессоры сөз сөйледі.
Ол «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына «Қор нарығының инфрақұрылымы және қор биржасы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрістің мақсаты – қор нарығы инфрақұрылымының дамуының ерекшеліктерін және қор биржасының қызметін ашу. Дәріс барысында қор биржасының қызметінің негізгі аспектілері мен Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы қор нарығы инфрақұрылымының дамуының ерекшеліктері қарастырылды.
Терең мазмұндылығымен және маңыздылығымен ерекшеленген іс-шара оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Олар сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алып, пікірлерімен алмасты.
«Қаржы» кафедрасы Константин Владимировичке қызықты баяндамасы және жоғары кәсібилігі үшін шын жүректен алғысын білдіреді.