7 сәуірден бастап тәжірибе алмасу және халықаралық академиялық ұтқырлықты дамыту бастамалары аясында Esil University-дің «Менеджмент» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Бұхара мемлекеттік университетінде семинарды сәтті өткізді.
Семинар барысында қатысушылар менеджмент саласындағы өзекті тақырыптарды талқылады, практикалық білім мен оқыту әдістерімен бөлісті, сондай-ақ басқарудың заманауи үрдістері мен қиындықтарын қарастырды. Бұл іс-шара оқытушылар арасындағы өзара іс-қимылға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған тамаша алаңға айналды.

