跳转到主要内容
分享:fintg

ESIL University 与丝绸之路研究网络签署合作备忘录(2024年2月12日)

Esil University-де Индонезия және Өзбекстан университеттерінің делегациясымен кездесу өтті. Іс-шараға Esil University басшылығы, қызметкерлері, сондай-ақ Астана университеттеріндегі әріптестері қатысты.

Кездесу барысында Silk Road Research Network өкілдерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл Scopus дерекқорына енгізілетін жаңа ғылыми журнал құруға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл қадам біздің алдымызда ғылыми зерттеулер мен ғылыми қоғамдастықты дамыту саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.

ESIL University 与丝绸之路研究网络签署合作备忘录(2024年2月12日)

Сонымен қатар, Universitas Muhammadiyah Sidoarjo-мен маңызды келісім жасалды. Оның мақсаты тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулердегі ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Бұл серіктестік елдер арасындағы академиялық ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамыта отырып, біздің университеттеріміз арасында білім мен тәжірибе алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер береді.

Источник: https://www.instagram.com/reel/C3PfNlht7gF/

返回新闻