«Денсаулық сақтаудағы менеджмент» EMBA бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты — стратегиялық шешімдер қабылдау үшін денсаулық сақтау саласындағы басқару дағдылары мен білімін меңгерген жоғары білікті кадрларды даярлау.
Оқыту құрылымы
EMBA бағдарламасы тыңдаушыларының академиялық жүктемесі
№ | Атауы | Барлығы академиялық кредит | Академиялық сағаттарда |
1 | Кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру пәндерінің блогы | 20 | 600 |
Жоғары оқу орны компоненті: | 6 | 180 | |
1. Стратегиялық менеджмент | 3 | 90 | |
2. Бизнес-зерттеу | 3 | 90 | |
Таңдау компоненті | 14 | 420 | |
Оның ішінде көшпелі модуль / Шетелдегі тағылымдама* | |||
2 | Тұлғалық даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндерінің блогы | 10 | 300 |
Жоғары оқу орны компоненті | 5 | 150 | |
Таңдау компоненті | 5 | 150 | |
3 | Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде магистрлік жобаны орындау (МЭЗЖ) | 18 | 540 |
4 | Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны жазу және қорғау) | 12 | 360 |
6 | Барлығы | 60 | 1800 |
1 СЕМЕСТР
1. Кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру пәндері блогы
Жоғары оқу орны компоненті:
- Бизнес-зерттеу — 3 кредит
Таңдау бойынша курстар*:
- Денсаулық сақтаудағы операциялық менеджмент — 3 кредит
- Денсаулық сақтаудағы қаржылық менеджмент — 3 кредит
- Медицинадағы инновациялар — 3 кредит
- Денсаулық сақтаудағы сапа стандарттары — 3 кредит
- Денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқару ерекшеліктері — 3 кредит
- Денсаулық сақтаудағы тәуекел-менеджмент — 3 кредит
2. Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде магистрлік жобаны орындау (МЭЗЖ) — 9 кредит
*Кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру пәндері блогынан магистранттар 9 кредит таңдайды.
2 СЕМЕСТР
1. Кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру пәндері блогы
Жоғары оқу орны компоненті:
- Стратегиялық менеджмент — 3 кредит
Таңдау курстары**:
- ҚР дәрі-дәрмек саясаты — 5 кредит
- Денсаулық сақтау саласындағы заңнама (мемлекеттік сатып алу) — 5 кредит
- Серіктес жоғары оқу орындарында тағылымдама — 5 кредит
2. Тұлғалық даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы
Жоғары оқу орны компоненті:
- Көшбасшылық және тұлғалық өсу — 5 кредит
Таңдау бойынша курстар***:
- Келіссөздер жүргізу техникасы — 5 кредит
- Басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау — 5 кредит
3. Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда (МЭЗЖ) — 9 кредит
**Кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру пәндері блогынан магистранттар 5 кредит таңдайды.
***Тұлғалық даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогынан магистранттар 5 кредит таңдайды.
Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны жазу және қорғау) — 12 кредит.
Пайдалы сілтемелер
EMBA бағдарламасына түсуге дайынсыз ба?
ESIL халықаралық бизнес-мектебі бағдарлама таңдау, құжаттар және түсу бойынша көмектеседі.
