Esil University бірқатар астаналық колледждермен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты, олардың арасында:
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КАҚ жоғары колледжі
Esil University бірқатар астаналық колледждермен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты, олардың арасында:
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КАҚ жоғары колледжі


Астана қаласы әкіматының «Сервис және туризм колледжі» МКК
«Қазақстандық Халықаралық Колледж» ЖШС.
Қол қойылған меморандумдар академиялық сабақтастықты дамытуға, бірлескен кәсіби бағдарлау іс-шараларын жүзеге асыруға, ашық дәрістер, экскурсиялар, шеберхандар ұйымдастыруға, сондай-ақ Esil University білім беру бағдарламалары бойынша студенттерге ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған.
Барлық қол қою рәсімдерінде университет атынан кәсіптік бағдарлау жұмысы басқармасының бастығы Берік Аханов қатысты. Жаңа серіктестіктер колледждер мен университет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ колледж түлектерінің жоғары оқу орнына түсуі үшін тұрақты траектория жасауға мүмкіндік береді.