Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

РҒА профессоры Esil University магистранттарына дәріс оқыды

2025 жылғы 1-ден 20 сәуірге дейін оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламаларын іске асыру және «ESIL University» мен Орынбор мемлекеттік университетінің ынтымақтастық шарты негізінде білім беру қызметтерін өзара ұсыну аясында 7М04109 «Қаржы» ОБ 1-курс магистранттарына «Қор нарығының құралдары» пәні бойынша дәріс оқу үшін э.ғ.д., профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, банктік іс және сақтандыру кафедрасының меңгерушісі Ермакова Жанна Анатольевна шақырылды. Дәрістер онлайн форматта өтті.

Магистранттар Ресей мен Қазақстанның қаржы нарығын дамыту мәселелерін талқылауда жанды қызығушылық пен белсенділік танытты. Алынған ақпарат қаржы нарығы саласындағы білім ауқымын кеңейтуге және Ресей Федерациясының тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, алынған білім зерттеу жұмысында, ғылыми мақалалар мен магистрлік диссертациялар жазуда пайдаланылады.

РҒА профессоры Esil University магистранттарына дәріс оқыдыРҒА профессоры Esil University магистранттарына дәріс оқыды

Банк ісі және сақтандыру кафедрасының меңгерушісі, ЭҒД, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі Ермакова Жанна Анатольевнаға алғысымызды білдіреміз және одан арғы ынтымақтастыққа үміттенеміз.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық