Esil University КГКП «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Колледж тарапынан меморандумға оқу жұмысы жөніндегі директор орынбасары Дайырбекова Адема Ерланқызы қол қойды. Кездесуде Esil University-ді кәсіптік бағдарлау басқармасының басшысы Берік Аханов өкілдік етті.


