Esil University-де студенттердің мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуі өтті, ол құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сыни тұрғыда ойлауды және жеке таңдауға жауапты қарым-қатынасты дамытуға бағытталды. Іс-шара «Заң және Тәртіп» идеологемасы шеңберінде өтіп, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналды.
Университетте Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрислам Батырбек және Байқоңыр ауданының учаскелік инспекторы, полиция подполковнигі Сейтхан Перне ханов сөз сөйледі. Спикерлер студенттермен заңнаманы сақтаудың өзекті мәселелерін, жеке жауапкершілікті және заңға қайшы іс-әрекеттердің салдарларын талқылады.


