Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Экономикалық талдауды цифрландыру бойынша қонақ дәріс өтті

Э.ғ.д., профессор Шаяхметова К.О. жетекшілігімен «Бизнес және басқару» факультетінің экономикалық мамандықтарының 2-курс студенттері үшін ҚР ҰБ орталық филиалының (Астана қ.) экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маман-экономисті Дана Пулатованың қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында цифрландыру жағдайындағы экономикалық талдау мен статистиканың заманауи тәсілдері қарастырылды, оның ішінде Big Data, жасанды интеллект және автоматтандырылған есептілікті пайдалана отырып ретроспективтік талдаудан болжамды талдауға өту, ҚР заңнамасындағы өзгерістер, GovTech дамыту, деректерді қорғауды күшейту және цифрлық активтерді есепке алу мәселелері қарастырылды.

Экономикалық талдауды цифрландыру бойынша қонақ дәріс өтті

Сондай-ақ цифрландырудың артықшылықтары талқыланды — басқарушылық шешімдердің жедел қабылдануы, өнімділіктің артуы және шығындардың азаюы, сонымен қатар жаңа тәуекелдердің пайда болуы. Студенттер талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойды.

Дәріс «Есеп және аудит» кафедрасының ОПҚ мен студенттерінің қатысуымен өнімді және достық атмосферада өтті, оларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірілді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық