Университетте студенттер, оқытушылар мен жас зерттеушілерді біріктірген «Жастар және XXI ғасыр ғылымы: шындық пен перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
№6 «Тәжірибелер экономикасының даму тенденциялары» секциясы аясында туризм мен қонақжайлылық индустриясының қазіргі даму бағыттарына арналған баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар саланы цифрландыру, Big Data мен AR/VR технологияларын енгізу, туризмнің әртүрлі түрлерін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның туристік инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру мен жетілдіру мәселелерін талқылады.
Секция жұмысына кафедраның оқытушылары мен Alikhan Bokeikhan University (Семей қ.) өкілдері қатысты, бұл іс-шараның университетаралық сипатын айқындады.
Отырыс қорытындысы бойынша үздік баяндамалар мен белсенді қатысушылар анықталды.
«Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері жүлделі орындарды иеленді: I дәреже — Темірбек А.Р.; II степень — Алибаева А.Д., Базарбаева А.С., Кенесканова Г.Қ.; III дәреже — Амантаева А.К., Айтжан К.Н., Ниязахун А., Нурмагамбетов Р.А.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша цифрлық технологияларды күшейтуді, этно- және гастрономиялық туризмді дамытуды, сондай-ақ қауіпсіздік деңгейін арттыру мен өңірлік инфрақұрылымды дамытуды қамтитын Қазақстанның туристік саласын дамыту бойынша ұсыныстар жасалды.