Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де мамандық таңдау тақырыбында семинар өтті

«Статистика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттер тобында «Мамандық таңдау — тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі кезеңі» тақырыбында семинар өтті. Презентациямен студенткалар Абдуллаева Лейла және Жарғақова Анель сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде жүргізілген зерттеудің нәтижелерімен қатысушыларды таныстырды.

Семинар тақырыбын талқылау барысында шет елдердегі кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру мәселелері, елімізде бұл жұмысты ұйымдастырудың проблемалары қозғалды. Студенттер жеке тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, мамандық таңдауға әсер ететін факторларды анықтап, болашақ кәсіби мансабы туралы жоспарларымен бөлісті.

Esil University-де мамандық таңдау тақырыбында семинар өттіEsil University-де мамандық таңдау тақырыбында семинар өтті

Семинар қатысушылары мамандықты дұрыс таңдаудың жеке тұлғаның өмір сапасы мен тіршілік образын, оның мәртебесі мен өзін-өзі жүзеге асыру жағдайларын анықтайтын деген тұжырымға келді. «Жанға жақын» мамандықты таңдау маңызды, ол тек материалдық әл-ауқат қана емес, жеке тұлғаның ішкі ниеттерімен, қабілеттерімен, қызығушылықтарымен де сәйкес келуі тиіс. Семинар мазмұнды, пікірталасты, жоғары деңгейде өтті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық