Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де қонақ дәріс өтті

Шетелдік ғалымдар «Цифрлық социология: зерттеу әдістері мен құралдары» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді. Шақырылған лекторлар: Фарида Ишкинеева — ҚФУ СФҒЖК социологиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, социология ғылымдарының кандидаты, Қазан федералды университетінің Әлеуметтік-философиялық ғылымдар және бұқаралық коммуникациялар институтының жалпы және этникалық социология кафедрасының доценті және Анна Липатова — саяси ғылымдар кандидаты, ҚФУ СФҒЖК жалпы және этникалық социология кафедрасының доценті. Кездесудің модераторы: ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Марина Жусупова.

Дәріс басталмас бұрын студенттер Қазан федералдық университеті туралы бейнероликті көріп, шақырылған дәрісшілермен танысты.

Esil University-де қонақ дәріс өтті

Ішкінеева Фарида Фалесқызы қатысушыларды «Цифрлық социология» пәнінің мазмұнымен, объектісімен, пәнімен таныстырды. Анна Липатова студенттермен цифрлық әдістер арқылы әлеуметтік үрдістерді зерттеуге бағытталған социологиялық зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті: желілік талдау, әлеуметтік медиаларды контент-талдау, цифрлық этнография, үлкен деректерді талдау (Big Data).

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық