Esil University-де Қазақстан Республикасы ІІМ Заңнама үйлестіру және нормашығармашылық департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Полиция полковнигі Жуманов Т.Д. және полиция подполковнигі Молдыбаева Р.Б. университет студенттері үшін түсіндіру дәрісін өткізді.
Кездесу барысында спикерлер сталкинг, дропперлік және адам ұрлау сияқты өзекті тақырыптарды егжей-тегжейлі ашты. Бұл құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелеріне және оларды реттеудің нормативтік-құқықтық аспектілеріне ерекше назар аударылды.


