ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы» РҚБ-ның, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің социология кафедрасының қолдауымен «Еңбек қауіпсіздігі мен кәсіподақ қызметі, бейбіт жиналыстар (бірлестіктер) бостандығы, сондай-ақ мигранттар мен тұлғалардың адам құқықтары саласында адвокация мен адам құқықтарын кеңейту құралы ретінде кәсіби әлеуметтік жұмысты институционализациялау» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара гибридті форматта: онлайн және офлайн өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруымен аталған іс-шараға «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының әлеуметтік жұмыс бойынша аға оқытушысы Жақұпова Г.Х. қатысты, ол «Кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы» ҚҚБ-ның негізін қалаушысы болып табылады.

