Экономика ғылымдарының докторы, «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры Юрий Камирович Шоқаманов Esil University-де «Статистика» білім беру бағдарламасының студенттері үшін қонақ дәріс өткізді.
Дәріс «Еуразиялық интеграция бірыңғай есептік бірлікті пайдалана отырып экономикалық дамуды талдау контекстінде» тақырыбына арналды. Студенттер Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық даму және құрылымдық өзгерістер туралы білімдерін тереңдете алды. Юрий Камирович сондай-ақ Esil University «Есеп және аудит» кафедрасына оның редакциясымен жасалған «Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді өлшеу және модельдеу әдістері» оқу құралы мен практикумын тапсырды. Бұл материалдар Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына арналған жоба аясында әзірленді.


