2024 жылдың 27 қарашасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жоғары оқу орындары студенттері арасында «Жастар көзімен болашақ» форумын ұйымдастырды.
Форумның мақсаты — жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жастарда қоғамға қызмет ету рухын қалыптастыру. Форумда жастар істері комитеті белсенділерінің қатысуымен «Өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігі», «Осы бағыттағы жетістіктер», «Өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы қандай болуы керек?», «Жастардың қоғамға қызмет етудегі рөлі» тақырыптарында ашық дәріс өтті. Esil University атынан онда Қолданбалы ғылымдар факультетінің «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Сансызбаев Санат қатысып, сертификат алды.


