Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Қаржы» кафедрасы Ұлттық валюта күніне ғылыми семинар өткізді

«Қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Ұлттық валюта күнін» мерекелеуге арналған «Қаржылық-несиелік қатынастар саласындағы үрдістер мен инновациялар» тақырыбындағы бастамашылық жоба шеңберінде ғылыми семинар жұмысын ұйымдастырды. Баяндамалармен кафедраның жетекші оқытушылары Қазақстан Республикасының қаржы-банк секторын дамыту мәселелері бойынша өзекті тақырыптарда сөз сөйледі. Мусина А.А., э.ғ.д., профессор «Банктің бөлшек сауда қызметтерін дамыту перспективалары» тақырыбында сөз сөйледі, Есымханова З.К., э.ғ.к., профессор ҚР мемлекеттік қаржылар жүйесіндегі сандық трансформацияның жаңа үрдістерін қарастырды. Тойжигитова Ж.А., э.ғ.к., доцент «Қазақстанның қаржылық жүйесі мен экономикасының құқықтық және институционалдық тетіктерін жетілдіру бағыттары» тақырыбында сөз сөйледі, Есенгельдинова С.Ж., э.ғ.м., Қазақстандағы төлем жүйелерінің даму ерекшеліктерін қарастырды, Джумабекова А.Т., э.ғ.к., доцент Қазақстан Республикасының банк жүйесін реттеудегі жаңа кезең ретіндегі мінез-құлықтық қадағалауды түсіндіруді берді.

«Қаржы» ОП-ның 1 курс магистранты Амиралиев С.С. кафедралық ғылыми семинарда «Қазақстанның салықтық-бюджеттік саясатын жетілдіру тенденциялары: жағдайы мен перспективалары» тақырыбымен қатысты. «Қаржы» кафедрасының оқытушыларымен бірге Амиралиев С.С. бастамашылық жобасы бойынша қорытынды есепті қалыптастыруға белсенді қатысуда. Іс-шара барысында баяндамалар талқыланды, қаржы нарықтарындағы халық құқықтарын қорғау мәселелері, бюджеттік жүйеде цифрлық технологияларды қолдану проблемалары, банк секторы мен төлем жүйесін дамыту бойынша ұсынымдар берілді. Ұсыныстар мен ұсынымдарды «Қаржы» кафедрасының бастамашылық жобасы бойынша қорытынды есепке енгізу шешілді.

«Қаржы» кафедрасы Ұлттық валюта күніне ғылыми семинар өткізді«Қаржы» кафедрасы Ұлттық валюта күніне ғылыми семинар өткізді
ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық