Esil University-де BR18574225 бағдарламасын іске асыру аясында (тапсырыс беруші — Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті, 25.01.2023ж. №5-ПЦФ-23-24 шарт) «Қазақстандағы адресті әлеуметтік көмек жүйесі: институционалдық орта, жай-күйді бағалау, белсендіру бағыттары мен механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі баяндамашылары болды:
1. Притворова Татьяна Петровна , э.ғ.д., профессор, Esil University. Баяндамасында профессор бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, зерттеу әдіснамасының дүниежүзілік үздік тәжірибеге сай құрылғанын атап өтті. Татьяна Петровна Қазақстандық шартты ақшалай көмек алушының орташа отбасысының мінездемесін таныстырды; мақсатты әлеуметтік көмек (МӘК) алушыларының өңірлік профилінің экономикалық кеңістікке және демографиялық мінез-құлық түрлеріне тәуелді екенін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанда МӘК жүйесін дамытуда мұны ескеру қажет екенін айтты.
2. Кенжебеков Нуржан Досович , э.ғ.к., доцент, «RATIONAL SOLUTION» ЖШС. Қазақстандағы АӘК механизмін таныстыра отырып, Нұржан Досович АӘК тағайындау механизмінің негізгі мәселелеріне тоқталып, еліміздегі әлеуметтік көмекті ұсынуда проактивті принциптерді қолданудың өзектілігін атап өтті.
3. Жайлауов Ерлан Берикович , PhD, «Еуразиялық әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институты» ЖМ. Ерлан Берікович Қазақстан Республикасындағы адресті әлеуметтік көмек мәселелері бойынша сарапшылар сауалнамасының алдын ала нәтижелерін таныстырды және Қазақстанның АӘК жүйесінің жұмыс істеуінің 9 негізгі мәселесін талқылауға шығарды.
Шақырылған қонақтар арасында өз сараптамалық пікірлерін білдірді:
– Мүкатова Күляннам Қасымовна , Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің Адресті әлеуметтік көмек басқармасының бас сарапшысы,
– Есполова Алтын Сериковна , «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның әлеуметтік көмек және әлеуметтік қолдау бойынша ақпараттық жүйелер департаментінің отбасы әлеуметтік картасы басқармасының басшысы,
– Бекмагамбетов Алімжан Бауыржанович , «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары,
– Нұрмағамбетова Алма Ашарбекқызы , Астана қаласы Әкімдігінің «Еңбек мобильділік орталығы» КММ директорының орынбасары,
– Сыздықпаев Ерлан Тімурович , Ақмола облысы Аршалын ауданы әкімі аппаратының МM басшысы,
– Мауина Гүлсан Мейрамовна , Астана қаласындағы «Ерекше балалар ата-аналарының одағы» РҚБ филиалының жетекшісі,
– Сарсембаев Нұржан Берікұлы , Жамбыл облысы Әкіматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы,
– Абдыкалыкова Жанар Нұрахметовна , Алматы қаласы мен Алматы облысындағы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚҰ филиалының жетекшісі.
Өз сөздерінде сарапшылар жеке кәсіби тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып, Қазақстандағы АСЖ жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты талқылауға шығарылған мәселелердің бар екенін растады.
Қорытындыда аталмыш ғылыми зерттеу жұмысының алынған нәтижелер мен сарапшылар пікірлерін ескере отырып жалғасатыны атап өтілді, өйткені жұмыстың келесі кезеңі — Қазақстандағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін дамыту бойынша ұсынымдарды әзірлеу және АСК алушылары мен мемлекет үшін де оң нәтижелерге қол жеткізу.