Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен Щучинск Жоғары техникалық колледжі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасады

Esil University білім беру саласындағы серіктестік қатынастарын кеңейтуін жалғастыра отырып, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Бурабай ауданы Щучинск қаласында орналасқан «Жоғары техникалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Аталған келісім тәжірибе мен білім алмасуды, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, оқу іс-шаралары мен зерттеу жобаларын ұйымдастыруды мақсат тұтады.

Esil University мен Щучинск Жоғары техникалық колледжі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасадыEsil University мен Щучинск Жоғары техникалық колледжі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасады

Екі тарап та ғылыми зерттеулерді, студенттер мен оқытушылардың тағылымдамаларын және білім берудің сапасын дамытуға арналған бірлескен бастамаларды қоса алғанда, әртүрлі салалардағы белсенді өзара іс-қимылға дайындығын білдірді.

Жаңалықтарға