Esil University-дің «Құқық» кафедрасында екінші курс студенттеріне арналған «Академиялық адалдық» тақырыбындағы кураторлық сағат өтті.
Іс-шараны куратор С.Т. Кемелбеков ақпараттық-әңгімелесу кездесуі форматында өткізді. Студенттер білім беру ортасындағы сенімнің негізі ретінде академиялық адалдықтың маңызын талқылады, оның негізгі принциптерін — оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауды, зияткерлік меншікке деген құрметті және алдаудың жол берілмейтіндігін — қарастырды.


