Esil University-де э.ғ.к., Б-ДМ-24/1Р тобының кураторы Наурызбаева А.А. өткізген «Академиялық адалдық» тақырыбындағы кураторлық сағат болды.
Кездесу барысында куратор білім беру ортасында академиялық адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары қарастырылды: тапсырмаларды орындауда адалдық пен жауапкершілік, зияткерлік меншікке құрмет, білімді бақылаудан өту кезіндегі өзіндік дербестік, сондай-ақ плагиат пен алдауға төзбеушілік.

