Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Статистиканың болашағы: жасанды интеллект және машиналық оқыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Статистика» аптасы аясында 8 сәуірде «Есеп және аудит» кафедрасында «Статистиканың болашағы: жасанды интеллект және машиналық оқыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары қатысты: э.ғ.к., профессор м.а. Т.К. Бекжанова, э.ғ.д., профессор М.К. Әлиев, э.ғ.к., доцент М.А. Әбдурахманов, PhD, профессор м.а. М.А. Алтынбеков, э.ғ.к., доцент Л.Ж. Айтхожина, PhD, аға оқытушы М.К. Успамбаева, PhD, аға оқытушы К.Е. Шарипбекова. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.Е. Айтхожина және Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, магистр И.Н. Михайлина.

Esil University-де «Статистиканың болашағы: жасанды интеллект және машиналық оқыту» тақырыбында дөңгелек үстел өттіEsil University-де «Статистиканың болашағы: жасанды интеллект және машиналық оқыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бұл шара аясында «Бизнес және басқару» факультетінің «Есеп және аудит» және «Қаржы» мамандықтарының 2 курс студенттері мен оқытушылары сөз сөйлеп, жасанды интеллект пен машиналық оқытудың статистиканы ғылым ретінде дамытуға әсерінің негізгі бағыттары талқыланды. Олардың ішінде мыналар атап өтілді: деректерді талдауды автоматтандыру, болжамдау және модельдеу, табиғи тілді өңдеу және мәтінді талдау, деректер сапасын жақсарту, этикалық және әлеуметтік аспектілер.

Қорытындыда қатысушылар жасанды интеллект пен машиналық оқыту статистиканың болашағына терең әсер ететінін, деректерді талдауға арналған жаңа құралдар мен әдістерді ұсынатынын атап өтті. Алайда шешім қабылдауда әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін олардың қолданылуының этикалық аспектілерін де ескеру маңызды.

Активное участие в обсуждении приняли студенты: Кузеванов Никита, Дарья Трачёва, Амир Доулбаев, Дильназ Аширова, Жанадиль Хажкенов, Сабина Ринатқызы. Круглый стол стал эффективной академической площадкой для обсуждения перспектив развития науки статистики и адаптации ее в реальных условиях.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық