«Esil University» мекемесі ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 26.03.2025 ж. 14-0/1324-ВН хатының негізінде 6В04102 – Менеджмент ББ бойынша жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсын өткізудің базалық ЖОО болып табылады және II кезеңге конкурстық құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Сізден Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша Ұсынымдарға сәйкес («ҒЗЖК республикалық конкурсына, БП 6В04102 – Менеджмент» деген белгімен) мына мекенжай бойынша қағаз және электрондық тасымалдағышта құжаттар пакетін ұсынуыңызды сұраймыз: индекс 010005, Астана қ., Ахмет Жұбанов көшесі, 7, 413-каб., «Менеджмент» кафедрасы.

