«Полилингв» студенттік ғылыми үйірмесі
Жетекші тақырып: Ашық ақпараттық кеңістік жағдайында студенттердің көптілді медиалық сауаттылығы.
Мақсат «Полилингв» үйірмесінің сабақтары – зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы ақпараттық қоғам жағдайында студенттердің медиақұзыреттілігін қалыптастыру.
Үйірме нені дамытады
Үйірменің оқу жылына арналған жұмыс жоспары
№ | Үйірменің атауы | Жауапты оқытушылардың аты-жөні | Іс-шараның атауы | Өткізу уақыты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Полилингв | «Полилингв» үйірмесінің қызметіне жауапты п.ғ.к. Ускенбаева С.Т. | - Үйірме құрамын бекіту; - жұмыс жоспарын талқылау және бекіту. | қыркүйек |
2 | Полилингв | п.ғ.к. Үскенбаева С.Т., п.ғ.к. А.Ж. Досанова, ф.ғ.к. Рахимбекова С.А. | Тақырыптар бойынша баяндамалар: - Көптілді білім беру ортасында тілдік тұлғаны қалыптастыру; - Тілдік пәндерді оқытуда ақпараттық кеңістікті пайдалану. | қазан |
3. | Полилингв | кафедра оқытушылары, э.ғ.м. М.Т. Жүсіпова | -Тақырыбы бойынша баяндама: Жастардың саяси санасына медиасауаттылық деңгейінің әсері; - зерттеулерге қойылатын талаптар бойынша консультациялар; - кафедра оқытушыларының студенттермен ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша жеке жұмысы. | қараша оқу жылы ішінде |
4 | Полилингв | п.ғ.д. Урунбасарова Э.А., п.ғ.к. Ускенбаева С.Т. | Тақырыптар бойынша баяндамалар:
- «Полилингв» ғылыми үйірмесінің жұмысы туралы жартыжылдық есеп. | желтоқсан |
5 | Полилингв | п.ғ.к. Ускенбаева С.Т. п.ғ.м. Толегенова Ж.Б. п.ғ.м. Бейсенова А.Ж. | Тақырыптар бойынша баяндамалар: - Ағылшын тілін оқытуда цифрлық технологияларды қолдану; - Ағылшын тілін үйренудің тиімді тәсілдері | ақпан |
6 | Полилингв | п.ғ.м. Нураханова Э.М., п.ғ.м. Мусаканова Г.Е. | Тақырыптар бойынша баяндамалар:
- студенттерді ESIL UNIVERSITY ғылыми конференциясына дайындау | наурыз |
7 | Полилингв | п.ғ.к. Ускенбаева С.Т., кафедра оқытушылары | ESIL UNIVERSITY ғылыми конференциясының қорытындысын шығару және студенттердің қатысуы | сәуір |
8 | Полилингв | п.ғ.к. Ускенбаева С.Т. | «Полилингв» ғылыми үйірмесінің жұмысы туралы жылдық есеп | мамыр |
Үйірмеге қатысу не береді
«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы жанындағы «Полилингв» студенттік ғылыми үйірмесінің жұмысы студенттерге жоспарланған университеттік іс-шараларға ана тілінде және шет тілдерінде қатысуға мүмкіндік береді. Зерттеу қызметі студенттерге мәдениетаралық қарым-қатынас пен коммуникативтік құзыреттер туралы білімін арттыруға мүмкіндік береді, ғылыми жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, қарым-қатынасты ұйымдастыру кезінде қазақ, орыс және шет тілдерін меңгерудің практикалық маңыздылығын көрсетеді. Студенттер шет тілдерінде қосымша ақпаратты жедел алуды үйренеді, бұл жаһандану жағдайында маңызды.
Үйірме отырыстары





