Негізгі мазмұнға өту
*ESIL University

Ректор блогы

ESIL University ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Таубаев Аяпберген Алданайұлының құттықтау сөзі: университеттің миссиясы, басымдықтары мен даму бағыттары туралы.

Таубаев Аяпберген Алданайұлы — университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Құрметті достар! Мен үшін еліміздің жүрегінде орналасқан көпсалалы университеттің ректоры болу және оны таныстыру — үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Университет қызметінің мақсаты — студенттердің алуан түрлі қауымдастығын түрлендіруге қабілетті өзгертуші ортаны дамыту.

*Фото

Галерея

*Басымдықтар

Қазақстанның кәсіпкерлік экожүйесін қолдау

Esil University жаңа формациядағы Қазақстанның кәсіпкерлік экожүйесінің қалыптасуы мен дамуын қолдау және оған жәрдемдесуді өз басымдығы деп жариялайды. Университет қоғам мен мемлекет игілігіне бағытталған инновацияларды генерациялайтын, кәсіпкерлік мәдениеті бар сұранысқа ие мамандарды даярлау арқылы ел дамуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Біздің мақсатымыз — жаңа буынға жергілікті және жаһандық нарықтарда инновациялық идеяларды құру, зерттеу, әзірлеу және іске асыру үшін білім, дағдылар мен мүмкіндіктер беру.

Университеттің білім беру өнімін әрбір студент қана емес, бүкіл қоғам тұтынатыны университетке білім сапасы үшін жауапкершілік жүктейді.

*Бағыттар

Университеттің даму бағыттары

Еңбек нарығына бағытталған бағдарламаларУниверситет еңбек нарығының талаптарына сай білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мүдделі.
Пәнаралық тәсілПәнаралық және кешенді тәсілді білім беру және зерттеу процесіне интеграциялауды аса маңызды деп санаймын, өйткені білімді тек бір нақты мамандандыру аясында алу және дамыту жеткіліксіз.
Халықаралық стандарттарБіздің саясатымыз білім сапасының критерийі болып табылатын негізгі аспектілер бойынша халықаралық стандарттармен үндестіруге және жақындастыруға бағытталған. Қазір біздің бағдарламаларымызды университеттің шетелдік серіктес мекемелерінің бағдарламаларымен үйлестіру бойынша нақты қадамдар жасалуда.
Цифрлық білім беру платформасыБіздің команда техникалық жарақталған білім беру экожүйесін дамытып, заманауи инфрақұрылым құрып, білім беру ресурстарын жаңартуда. Қазір болашақ жоғары білімді қалыптастырудағы маңызды қадам болатын цифрлық білім беру платформасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Ғылым және зерттеулерУниверситет профессор-оқытушылар құрамын ғылыми процестерге және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған халықаралық бағдарламаларды іске асыруға тартуға барлық күш-жігерін жұмсайды, ғалымдармен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықты көтермелейді, қолданбалы, проблемаға бағдарланған, пәнаралық зерттеулерге бастамашылық жасап, оларды жүзеге асырады.
Ынтымақтастықтың ашық алаңыБіз Esil University зерттеулер, шығармашылық, инновациялар мен кәсіпкерлік интеграцияланған, ынтымақтастық пен идеялармен еркін алмасуға ашық алаң болуына ұмтыламыз.

Сенім үшін рахмет!

Ректор Аяпберген Алданаевич Таубаев