Павлодар қаласында 6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар даярлау бағыты бойынша XVI Республикалық студенттер олимпиадасы өтті. Олимпиада «Торайғыров» университетінің қабырғасында өтті.
Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 28 команда қатысты. Олимпиада екі турда ұйымдастырылды: бірінші турда қатысушылар «Дерекқорлар» және «Компьютерлік желілер» пәндері бойынша қазақша және орысша жазбаша тапсырмаларды орындады, ал екінші турда С++, C#, Java және Python тілдерінде бағдарламалау есептерін шешті.


