Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University ТМД ЖОО-ларымен ынтымақтастықты нығайтуда

«Бизнес және басқару» факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Алина Гүлжан Балтабаевна Беларусь, Ресей және ТМД елдерінің университеттерінің серіктес жоғары оқу орындарының, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан шетелдік серіктестермен бірлескен іс-шараға қатысты.

Іс-шара «Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті» білім беру мекемесінің базасында ғылыми семинар форматында өтті. Семинардың тақырыбы «Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының тұрақты дамуын қамтамасыз ету және тиімді ынтымақтастықта экономикалық кадрларды даярлаудың рөлі» деп аталды.

Esil University ТМД ЖОО-ларымен ынтымақтастықты нығайтудаEsil University ТМД ЖОО-ларымен ынтымақтастықты нығайтуда

Ол «Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің тұрақты дамуы мақсатында оқушылардың академиялық мобильділігінің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Жаңалықтарға