Esil University астананың бірқатар колледждерімен, оның ішінде «Қазақстандық Швейцариялық-Американдық колледж» ЖШС-мен және «URBAN COLLEGE» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты.
Бұл келісімдер академиялық өзара іс-қимылды дамытуға, бірлескен кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізуге, ашық дәрістер, экскурсиялар мен мастер-кластарды ұйымдастыруға, сондай-ақ Esil University білім беру бағдарламалары бойынша студенттерге ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған.


