Esil University-де Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ және «Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылған жастарға арналған жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтті.
Іс-шарада мемлекеттік органдар, екінші деңгейдегі банктер, қаржы мекемелері, мұражайлар, консалтингтік және бағалау компанияларын қоса алғанда, әртүрлі салалардан 50-ден астам жұмыс беруші жиналды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты — студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, сондай-ақ іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы тікелей диалог үшін жағдай жасау. Іс-шара қатысушылары өзекті бос орындармен танысып, сұхбаттан өтіп, мансапты қалыптастыру бойынша кеңестер алды.
Esil University ректоры, экономика ғылымдарының докторы Аяпберген Таубаев сәлемдеме сөз сөйледі. Ол жас мамандарға кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру жолында сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері де сөз сөйледі: Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Назгүл Ахметжанова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы орынбасары Ерлан Жүсіпов және Еңбек ұтқырлығы орталығының директоры орынбасары Қазбек Алтаев. Олар жастарды жұмысқа орналастырудың ағымдағы мүмкіндіктері мен бағдарламалары туралы айтты.
Esil University-дегі жұмыс орындары жәрмеңкесі бизнес, мемлекеттік құрылымдар және астана жастарының арасындағы өнімді өзара іс-қимыл үшін маңызды алаңға айналды.