Esil University өкілдері Павлодар қаласында өткен Study in Kazakhstan білім беру көрмесіне қатысты. Іс-шара аясында 10–11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді.
Көрме ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды және елдің 14 қаласын қамтиды. Жобаның негізгі мақсаты — түлектерді жоғары білім мүмкіндіктерімен, білім беру бағдарламаларымен және қабылдану шарттарымен таныстыру.


