Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де мемлекеттік бюджет мәселелері бойынша қонақ дәріс өтті

«Қаржы» кафедрасында «Қаржы» ОБ бакалавриат студенттері үшін «Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша қонақ дәрісі өтті.

«Бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз алу және мемлекеттік қарыз» тақырыбында э.ғ.к. Бірмағамбетов Т.Б. (М.В. Ломоносов атындағы МГУ Қазақстандық филиалы) дәріс оқыды. Талғат Бірмағамбетов қаржы-бюджет жүйесі саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман болып табылады.

Esil University-де мемлекеттік бюджет мәселелері бойынша қонақ дәріс өтті

Дәріс барысында Қазақстан мен шет елдердің бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз алу және мемлекеттік борышты басқарудың негізгі аспектілері қарастырылды. Бюджет жүйесіндегі қарыз алу механизмдері мен борыштық саясаттың практикалық тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Лекция презентация мен көрнекі мысалдармен диалогтық-пікірталас форматта өтіп, студенттерге негізгі қаржылық категорияларды тереңірек түсінуге және мемлекеттік борышты басқарудың нақты практикасымен танысуға мүмкіндік берді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық