Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University 500 орындық заманауи студенттік жатақхана салады - Tengrinews.kz

2024 жылдың 11 қазаны

Астанада Esil University студенттері үшін халықаралық стандарттағы жаңа жатақхана құрылысына арналған капсула салтанатты орнату рәсімі өтті. Заманауи жатақхана түрік инвесторы Matte Development & Construction Taha Altayli ЖШС қолдауымен салынады.

Esil University 500 орындық заманауи студенттік жатақхана салады - Tengrinews.kz

Бұл іс-шара университеттің 25 жылдығын тойлау аясында болашақ құрылыс алаңында ұйымдастырылды және оған құрметті қонақтар қатысты: ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахметов, Астана әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов, Мәжіліс депутаттары, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, Esil University-дің басшылығы мен студенттері.

Esil University ректоры Аяпберген Таубаев жаңа жатақхана шетелдік студенттерді тартуға көмектесетінін атап өтті.

«Жоба қала бас жоспарына енгізілді. Құрылысқа барлығы дайын. Біздің жатақхана заманауи кампустық үлгіде болады, бұл ең алдымен белгілі тұрғын стандарттарына үйренген шетелдік студенттерді тартуға мүмкіндік береді. Жатақхана шетелдік те, отандық та студенттерге қолжетімді болады. Студенттер үшін заманауи жағдайлар жасау университеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады», – деді Аяпберген Таубаев. Жаңа ғимарат 500-ден астам студентті орналастыра алады және ҚР БҒЖМ «Қаржы орталығы» АҚ мен Астана әкімі жанындағы Жобалық кеңсенің қолдауымен МЖӘ механизмі бойынша салынады.

«Бүгін біз жаңа жатақхана жобасын таныстырып отырмыз. Жоспарға сәйкес, ғимарат бесқабатты болады, жалпы ауданы 6600 шаршы метр. Жатақханада барлығы 500 орын көзделген. Жертөле қабатында 210 орындық асхана орналасады. Қалған қабаттарда алаң нормативтеріне сай үш және төртжерлі бөлмелер, сондай-ақ кіріктірілген санторап болады. Бұған қоса, ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған бөлмелер де қарастырылған. Сонымен қатар әр қабатта кір жуатын бөлме, үтіктеу бөлмесі, тұрмыстық асхана және демалыс бөлмесі болады», — деп айтып берді Taha Altayli.

Рәсім ғимарат іргетасына болашақ студенттерге арналған хатпен капсула қалануымен аяқталды.

https://tengrinews.kz/newseducation/esil-university-postroit-sovremennoe-studencheskoe-550625/

Жаңалықтарға