Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University Silk Road Research Network-пен меморандумға қол қойды (12 ақпан 2024 жыл)

Esil University-де Индонезия мен Өзбекстан университеттерінен келген делегациямен кездесу өтті. Іс-шараға Esil University басшылығы, қызметкерлері, сондай-ақ Астана университеттерінің әріптестері қатысты.

Кездесу барысында Silk Road Research Network өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл Scopus дерекқорына енгізілетін жаңа ғылыми журнал құруға мүмкіндік береді. Бұл қадам ғылыми зерттеулер саласында және ғылыми қауымдастықтың дамуында жаңа перспективалар ашатынын атап өткен жөн.

Esil University Silk Road Research Network-пен меморандумға қол қойды (12 ақпан 2024 жыл)

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Universitas Muhammadiyah Sidoarjo университетімен маңызды келісімшарт жасалды.

Бұл әріптестік университеттер арасындағы білім мен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндіктер беріп, академиялық ынтымақтастықтың дамуына және елдер арасындағы өзара түсінушілікке ықпал етеді.

Жаңалықтарға