2025 ж. 29 қаңтарЖаңалықтар
Esil University серіктестермен шетелдік студенттердің түсуін талқылады
Esil University Zoom платформасында «Бір белдеу, бір жол» кәсіптік білім беру альянсының төраға орынбасары және Shangpin Shuren Technical & Educational бас директоры Сию Миннің, сондай-ақ Колледждер альянсы мен ERG жобалық менеджері Мамырбаев Олжастың қатысуымен маңызды онлайн-кездесу өткізді.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы шетелдік студенттердің Esil University-ге қабылдану мәселелерін талқылау болды. Кездесу барысында ынтымақтастық перспективалары, шетел азаматтарын қабылдау шарттары, сондай-ақ академиялық ұтқырлық және студенттер алмасу мүмкіндіктері қарастырылды.

Esil University атынан онлайн-сессияға университет ректоры Аяпберген Таубаев, оқу процесін жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы Бағлан Жарлғасова, халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Элмира Заданова, кәсіптік бағдарлау басқармасының басшысы Берік Аханов, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жанна Нұрғалиева қатысты.
Онлайн-кездесу Esil University-дің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде және Қазақстанда сапалы білім алу үшін дүние жүзінен студенттерді тартуда маңызды қадам болғанын атап өткен жөн.