Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен Қарағанды банк колледжі меморандумға қол қойды

Esil University мен «Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі» жеке мекемесі білім беру және кәсіптік дайындау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу сындарлы атмосферада өтті. Esil University атынан құжатқа қол қою рәсіміне кәсіптік бағдар беру жұмысы басқармасының бастығы Берик Аханов қатысты. Ол өз сөзінде үздіксіз білім беру тұжырымдамасын іске асырудағы басым бағыттардың бірі ретінде колледждермен серіктестік байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Esil University мен Қарағанды банк колледжі меморандумға қол қойдыEsil University мен Қарағанды банк колледжі меморандумға қол қойды

Тараптар академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық, бірлескен іс-шаралар өткізу және колледж түлектерінің университетте оқуын жалғастыруға жағдай жасау туралы келісті.

Жаңалықтарға