Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен Азаматтық қорғау жоғары көппрофильді колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қол қою рәсімі колледж директоры Серіккан Тұраровтың және Esil University кәсіптік бағдарлама басқармасының бастығы Берік Ахановтың қатысуымен өтті.

Бұл келісім бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және студенттердің білім сапасы мен кәсіби даярлығын арттыруға ықпал ететін бірлескен іс-шаралар өткізуге бағытталған.

Esil University мен Азаматтық қорғау жоғары көппрофильді колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Тараптар осы ынтымақтастық екі ұйымның студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімділіктерін білдірді.

Жаңалықтарға