Esil University-ді ҚР ҒЖБМ қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық университеттердің визиты аясында Қазақстанға келген Cormack Consultancy Group делегациясы сапар шекті.
Esil University басшылығымен кездесу аясында академиялық алмасу, мамандар бірлесіп даярлау, халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру және инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Университет шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды тереңдетуге және жоғары білім саласындағы озық тәжірибемен алмасуға деген қызығушылығын білдірді.


