Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University Study in Kazakhstan көрмесіне қатысты

Esil University өкілдері Павлодар қаласында өткен Study in Kazakhstan білім беру көрмесіне қатысты. Іс-шара аясында 10–11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді.

Көрме ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды және елдің 14 қаласын қамтиды. Жобаның негізгі мақсаты — түлектерді жоғары білім мүмкіндіктерімен, білім беру бағдарламаларымен және қабылдану шарттарымен таныстыру.

Esil University Study in Kazakhstan көрмесіне қатыстыEsil University Study in Kazakhstan көрмесіне қатысты

Іс-шараға қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Берік Аханов және маман Денис Тушинский қатысты. Кездесу барысында мектеп оқушылары оқу бағыттары туралы ақпарат алып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық