Талантты және белсенді жастарды мемлекеттік секторға тарту бағытындағы «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасын іске асыру аясында Esil University-де студенттердің Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шара «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне» қатысушыларды іріктеуге арналды. Студенттер жобаның мақсаттары мен міндеттері, іріктеу шарттары және мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту перспективалары туралы білу мүмкіндігіне ие болды.


