Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті А.Ж. Досанова Тур-25/1, ИТЗД-25/1, ГМУ-25/1, ДМ-25/1, Фин-25/1 топтарының студенттері үшін «Отбасылық бақыт» тренингін өткізді.
Тренингтің мақсаты — студенттерді отбасылық қатынастар, адамгершілік және рухани тәрбие мәселелерінде тәрбиелеу. Міндеттері: ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, болашақ ата-ана ретінде балаларды тәрбиелеу мәселелеріне студенттердің назарын аудару.


