Esil University студенттері Астана қаласының Полиция департаментінде шығып оқу сабағына қатысты. Іс-шара аясында болашақ мамандар құқық қорғау органдарының қызметімен практика жүзінде танысып, олардың жұмысының ерекшеліктерін зерделеп, ведомство өкілдеріне сұрақтар қоя алды.
Экскурсия барысында Департамент қызметкерлері студенттерге полиция қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді, қылмыстарды ашуда қолданылатын заманауи технологияларды көрсетті.


