28 сәуірде Esil University «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Республикалық пәндік олимпиаданың II турына қатысты.
Іс-шара Қарағанды университетінде (Қазтұтынусоюз) өтті және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылды. Олимпиаданың тақырыбы «Трансформация және цифрландыру жағдайындағы қаржы жүйесінің тұрақты дамуының қазіргі драйверлері» болды. Олимпиадаға қатысу Esil University «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Нұрсұлу Алашбаеваның жетекшілігімен өтті.


