2025 ж. 18 ақпанЖаңалықтар
Esil University студенттері BAU (Bahcesehir Cyprus University) басшылығымен кездесті
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Esil University студенттері Bahcesehir Cyprus University (BAU)ректорымен кездесті.
Іс-шараға BAU ректоры Prof. Dr. Mehmet Toycan және халықаралық бөлім басшысы Nuket Tanol, сондай-ақ студенттер Қамал Сымбат, Мұса Балнұр, Нұрбеккызы Нұрсая және Ибраева Айгерім қатысты.
Кездесу барысында тараптар білім беру мүмкіндіктерін, BAU-да оқытудың ерекшеліктерін және университеттер арасындағы одан арғы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Студенттер BAU туралы өз әсерлерімен бөлісіп, оқытудың жоғары деңгейін, заманауи білім беру технологияларын және оқуға ыңғайлы жағдайларды атап өтті.