Қазақстан Республикасы ұлттық валюта күнін тойлау аясында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері куратор PhD, доцент м.а. Мисник О.В.-мен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Мұражайына барды.
Мұражай экскурсиясы ҚР Ұлттық Банкінің қызметкері Сатвалдинова Жамила Кабиденовнамен кездесуден басталды, ол ұлттық валютаның жаңа дизайнындағы банкноттар туралы бейнероликтер және олардың ерекшеліктері, сондай-ақ жаңа цифрлық инвестициялық монета Gold Coin туралы таныстырып өтті. Кездесуді жалғастыра отырып, ұлттық валютаның пайда болуы мен оның біртіндеп жаңаруына тарихи экскурс жасалды.


